Ауыр атлетикадан Олимпиада чемпионы қазақстаннандық Нижат Рахимовты өмір бойына шеттетілуі мүмкін.
Қазақстандық 2016 жылы допинг сынамасы үшін тапсырған несеп талдауын ауыстырды деген күдікке ілінді. Сол жылы ол Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарында чемпион болған.
Егер Рахимовтың кінәсі дәлелденсе, ол ережені қайта бұзғаны үшін ұзаққа мерзімге, өмір бойына шеттетілуі мүмкін. Ол 2013 жылы Әзербайжан туынын астында өнер көрсетіп жүріп, допинг қолданғаны үшін екі жылға шететтілген болатын.
2014 жылы ол қазақ жеріне келіп, Қазақстан азаматтығын қабылдады. Екі жылдық дисквалификациядан кейін Рахимов Қазақстанның атынан шығып, 2015 жылғы әлем чемпионатын және 2016 жылғы Олимпиада ойындарында чемпион болды.
Бұған дейін Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) допингке қарсы ережелерді бұзды деген күдікпен Рахимовты жарыстан уақытша шеттеткені белгілі болды.