Жоғалған шахтерді іздеу жұмыстары жалғасуда

Теміртауда ұңғыманы бұрғылау кезінде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ шахтасында апат болды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Хабарланғандай, 2021 жылғы 13 қаңтар сағат 21:53-те 840 метр тереңдікте газдың көп мөлшерін бөліну нәтижесінде болған. Апат салдарынан кен орнын игеретін компанияның жұмысшыларының бірі жоғалды.

«Бұл күні үш жұмысшы — бұрғылау қондырғысының машинисі, машинистің көмекшісі, сондай-ақ желдету және қауіпсіздік техникасы учаскесінің тау-кен шебері ұңғыма түбінде барлау жұмыстарын жүргізіп жатқан Апат салдарынан тау-кен шебері мен машинистің көмекшісі апат болған жерден дереу шығып кетті, ал машинист ұңғыма түбінен шыға алмады. Апат кезінде шахтада үшінші ауысымның 137 қызметкері болды, олардың 136-сы жер бетіне шығарылды», — делінген хабарламада.

Кәсіпорынның авариялық-құтқару қызметі келгеннен кейін шахтаға түсті. Шахтаның тау-кен қазбаларындағы жағдай, аэрогаздық бақылау аппаратурасының көрсеткіштеріне сәйкес, 23:00-де қалыпқа келтірілді. Ұңғымада тау-кен массасынан тазартумен бір зардап шегушіні іздеуді авариялық-құтқару қызметі 23:25-те бастады.

«Қазіргі уақытта зардап шеккен адамды іздеу жұмыстары жалғасуда. Шахтаның 17 қызметкері және авариялық-құтқару қызметінің екі бөлімшесі (16 адам) жұмылдырылды. Аталған апатты тексеру үшін ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің жанында комиссия құрылды», — деп хабарлады ТЖМ.

Добавить комментарий