«Қазгидромет» РМК Қазақстанның елордасы мен еліміздің тағы сегіз облысында дауылды ескерту туралы хабарлайды.
Нұр-Сұлтанда қар жауады, жаяу бұрқасын соғады, оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа қарай жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда облысында түнде және таңертең кей жерлерде 15-20 м/с жел күтіледі.
Қостанай облысының кей жерлерде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, солтүстік жел кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
Оралда және Батыс Қазақстан облысының аумағында тұман күтіледі.
Ақмола облысының басым бөлігінде қар жауады, кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман соғады, оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, кей жерлерде екпіні 25 м/с жетеді деп күтілуде. Көкшетауда жаяу бұрқасын соғады, тұман түседі, оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа қарай жел соғады, түнде және таңертең жел 15 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде боран соғады, оңтүстік-шығыс жел оңтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде 15-20 м/с жетеді, түнде екпіні 25 м/с жетеді.
Павлодар облысында қар жауады, кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады, жел 15-20 м/с жетеді. Павлодарда боран сақталады.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, боран соғады, оңтүстік-батыстан, батыстан, кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 28 м/с жетеді. Қарағандыда боран соғады, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады, кей жерлерде боран соғады, шығыстан, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 28 м/с жетеді. Петропавлда боран соғады, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 28 м/с жетеді.