Қазақстан-Сингапур саяси консультациялары онлайн режимде өтті

Бейнеконференц-байланыс форматында Қазақстан мен Сингапурдың сыртқы саяси ведомстволары арасында саяси консультациялар өтті.

Іс-шара барысында Қазақстан СІМ Азия-Тынық мұхиты аймағы департаментінің директоры Нұрғали Арыстанов пен Сингапур СІМ Таяу Шығыс, Солтүстік Африка және Орталық Азия директоратының бас директоры Самуэль Тан саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың ағымдағы жағдайы мен перспективаларын талқылады.

Тараптар екі мемлекеттің өзара іс-қимылының барлық бағыттары бойынша екіжақты байланыстарды одан әрі нығайтудың маңызды мәнін атап өтті. 2021 жылы жоғары және биік дәрежеде бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру, сондай-ақ көпжақты құрылымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселесіне ерекше назар аударылды.

Добавить комментарий