Павлодардағы қарақшылық оқиғасы: Полиция жәбірленуші арызданбаған қылмыстың бетін ашты

Павлодарда полицейлер бейнекамераға түсіп қалған қылмыстың бетін ашты. Жәбірленуші полицияға жүгінген жоқ, бірақ әлеуметтік желілерде жарияланған ақпараттың негізінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері іс қозғап, жедел-іздестіру шараларын жүргізді.

Оқиғалар туралы толығырақ: 30 желтоқсанда Instagram әлеуметтік желісіндегі Tipavlo.dar парақшасында бейнебақылау камераларынан түсірілген видео жарияланып, қыз өзіне қатысты құқық бұзушылық жасағаны туралы хабарлаған жазба жариялаған.

Аталған факті бойынша жәбірленуші полицияға арызданбаған. Сонымен қатар, бейнежазбаға сәйкес, Павлодар қаласы ІІБ Орталық полиция бөлімі Қазақстан Республикасы ҚК-нің 191-бабы «Қарақшылық» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде аталған фактіні жасады деген күдікті ұсталды. Ол 31 жастағыПавлодар тұрғыны болып шықты. Ер адам Павлодар қаласының УҰИ-на қамалды. Қазіргі уақытта жәбірленушіні анықтау бойынша қажетті іс-шаралар жүргізілуде, сондай-ақ аталған фактіге қатысты істің мән-жайлары нақтылануда.

Добавить комментарий