Netflix платформасы атақты Қара айна телехикаясында жұмыс істеген авторлар Death to 2020 фильмін шығарды
Netflix Death to 2020 жаңа фильмінде басты кейіпкер, актриса Лиза Кудроу әлемде Украина деген ел жоқ деп мәлімдейді. Фильмнің трейлері Netflix-тің YouTube арнасында жарияланған.
Сатиралық фильмде актерлер 2020 жылғы оқиғаларға түсініктеме беретін жалған сарапшыларды ойнайды. Көріністердің бірінде Кудроу ойнаған кейіпкер Дональд Трамптың импичменті туралы сөз қозғағанда, «Украина деген ел жоқ» деді.
Death to 2020 фильмі Netflix платформасында 27 желтоқсанда шықты. Басты рөлдерді Сэмюэл Л. Джексон, Хью Грант, Лиза Кудроу, Кумейл Нанджиани және тағы басқалары ойнайды.
Естеріңізге сала кетейік, Netflix — әлемдегі ең танымал стримингтік (ағындық) бейнесервистердің бірі. Компания сондай-ақ сериалдар мен фильмдер шығарады.
Netflix-тің ерекшеліктерінің бірі — жаңа телехикаялар аптасына бір сериядан емес (HBO өнімдері сияқты десек болады), бір күнде бүкіл әлем бойынша бір мезгілде барлық сезоны әр тілде шығады.
Netflix кез келген елде қолжетімді және смартфондар (Android және iOS), планшеттер, компьютерлер, теледидарлар, ТВ-тіркемелер, ойын консольдері, DVD және Blu-ray плеерлерінде бар.