Шетелдік пәтер жалдаушы әйелге пышақпен қоқан-лоқы көрсеткен

Алматы полиция қызмткерлері пәтер иесіне пышақпен қорқытқан Өзбекстан азаматын ұстап, залалсыздандырды.

Алматы тұрғыны пышақпен қаруланған пәтер жалдаушының қоқан-лоқы көрсеткеннен кейін полицияға жүгінуге мәжбүр болды.

Хабарлама полицияға түнгі он екі шамасында Великолукская көшесіндегі үйлердің бірінің тұрғынынан келіп түскен.

«Шұғыл хабарламаға «Гранит-8″ патрульдік полициясының экипажы бірінші келді. Қарулы ер адам көшеде болған. Ол полицейлердің талабына жауап берген жоқ. Ыңғайлы сәтті күткен патрульдік полиция қызметкерлерінің бірі, полиция аға сержанты Кемелов самбо техникасын қолданып, құқық бұзушыны құлатып, серіктесімен бірге оны залалсыздандырды», — делінген хабарламада.

Құқық бұзушы 48 жастағы Өзбекстан азаматы болып шықты. Ол ұсталды. Оның әрекеттері ҚР ҚК-ның 293-бабымен (Бұзақылық) сараланады. Айыпталушының көші-қон заңнамасын бұзып, Қазақстан аумағында жүргені анықталды.

Добавить комментарий