Халық әртісі, көрермендердің сүйіктісі Алиса Фрейндлих әлі де Л.Г. Соколов атындағы № 122 клиникалық аурухананың жансақтау бөлімінде коронавирус диагнозымен жатыр. Оның ахуалын дәрігерлер тұрақты ауыр деп бағалайды.
Бұған дейін Ресейдің Л.Г. Соколов атындағы № 122 клиникалық ауруханаға “коронавирус“ диагнозымен жатқызылған КСРО халық әртісі Алиса Фрейндлихтің жағдайы тұрақты түрде ауыр.
«[Жағдайы] тұрақты түрде ауыр, нашарламады», — деді агенттіктің сұхбаттасушысы.
Бұған дейін Г.А.Товстоногов атындағы ҮДТ 25 желтоқсан күні Фрейндлих ауруханаға жатқызылғанын хабарлаған болатын. Театрдың мәліметінше, актриса үнемі дәрігерлердің бақылауында қарқынды терапия алуда, осыған байланысты жансақтау палатасында болады.
№ 122 клиникалық ауруханасының өкілі медициналық мекемеде Фрейндлихтың қызы, театр және кино актрисасы Варвара Владимирова да емделіп жатқанын хабарлады.