РФ-дағы Қазақстан елшілігінің дипломаттары Ресей Ғылым және жоғары білім министрлігімен, Ресей Білім және ғылым министрлігінің және жетекші жоғары оқу орындарының басшылығымен келіссөздер жүргізді. Хабарламада айтылғандай, қазақстандық студенттердің диплом жұмыстарын қашықтықтан қорғау мүмкіндігі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл туралы елшіліктің сайтында көрсетілген.
«Ресейлік тарап қазіргі таңда эпидемиологиялық жағдайға байланысты Ресейге келуге мүмкіндігі жоқ қазақстандық студенттер қашықтықтан оқи алады деп сендірді.
Атап айтқанда, Ғылым және жоғары білім министрлігі ресейлік ЖОО-ларды жеке оқу жоспарларын құруға немесе академиялық демалыс беруге шақырды. Қашықтықтан оқу форматына көшуге байланысты шегерімдер жасалмайды.
Оқуды бітіргенге дейін елге кіре алмайтын түлектер үшін дипломдық жұмыстарды қашықтықтан қорғау қарастырылған», — делінген хабарламада.
Сондай-ақ, ресейлік тараппен қайтып келге қазақстандық студенттерге коронавирус үшін ПТР-тестілеуді ұйымдастыру және 14 күндік карантиннен өту үшін жатақханалардан орындармен қамтамасыз ету туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.