Қазақстан Біріккен Корольдікпен стратегиялық әріптестік туралы келісім жасасуды жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады. Іс-шара 2021 жылға жоспарланған.
СІМ Қазақстан үшін Еуропалық Одақ пен Ұлыбритания маңызды серіктестер болып табылатынын түсіндірді, сондықтан ҚР Brexit-тен кейін сауда және ынтымақтастық туралы қол жеткізген келісімді құптайды.
Сондай-ақ, Ұлыбританиямен ынтымақтастық туралы жаңа екіжақты келісімге республика 2021 жылы қол қоюды жоспарлап отыр.