Сарапшылардың пікірінше, пандемия салдарынан Қытай экономикасы американдық экономиканы 2028 жылы — күткеннен бес жыл ерте басып озады, ал Үндістан 2030 жылға қарай үшінші орынға шығады.
Қытай экономикасы 2028 жылы АҚШ-ты басып озады, деп жазады Bloomberg америкалық Centre for Economics and Business Research (CEBR) зерттеуіне сілтеме жасап. Бұл Қытайдың коронавирус пандемиясын жақсы өткенін және тезірек қалыпқа келе жатқанын айтады.
2019 жылы сарапшылар Қытай АҚШ-ты 2033 жылға қарай басып озатынын болжаған болатын. Оған қоса, тағы бір Азия елі, Үндістан 2030 жылға қарай әлемдік экономикалар рейтингінде үшінші орынды иеленуі мүмкін — қазір ол алтыншы орында, деп жазады басылым.
Қытай ірі экономикалар рейтингінде екінші орында, одан кейін Жапония, Германия, Ұлыбритания, Үндістан және Франция келеді. CEBR болжамына сәйкес, 2030 жылға қарай бірінші үштіктің әрқайсысы бір сатыға түсіп, 2035 жылға дейін осылай жалғасады.
ҚХР төрағасы Си Цзиньпин қараша айында үкіметтің жаңа бесжылдық жоспарына сәйкес 2035 жылға қарай ел экономикасы екі есеге артуы мүмкін деп мәлімдеді, деп жазады Bloomberg.
Биліктің мәліметінше, коронавирустан зардап шеккен қытай экономикасы тез қалпына келді. CEBR баяндамасына сәйкес, бұл батыс билігін Азияда болып жатқан оқиғаларға көбірек көңіл бөлуге итермелеуі тиіс.