Тойлауға болмайды, ал бірақ саяхаттауға болады

Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында қосымша 700-ден астам жолаушылар вагоны іске қосылды, бұл жолаушылар санының артуына алып келеді. Жаңа жыл түні қонақтар санына шектеулер мен аниматорларды шақыруға тыйым салу аясында бұл қадам өте оғаш көрінеді.

«2020 жылғы 26 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 5 қаңтарға дейін жолаушыларды тасымалдау үшін поездарға қосымша 704 вагон қосылды. Пойыздар қосымша 30 мың жолаушыға қызмет көрсетеді», — деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Вагондар келесі бағыттар бойынша пойыздарға қосылады:

Нұр-Сұлтаннан — Алматы, Маңғыстау, Атырау, Сарыағаш, Арқалық, Семей, Петропавл және Павлодар;

Алматыдан — Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Сарыағаш, Өскемен, Жезқазған және Орал;

Павлодар — Пресногорьковская;

Қызылорда — Семей;

Ақтөбе — Атырау.

Қазір Қазақстанда қолданыстағы 156 жолаушылар пойызының 117-сі қатынауда. Шектеулер коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін қабылданған шешімдерге байланысты.

Добавить комментарий