Апиын дайындауға арналған бір тонна заттар сақталған қойма анықталды

Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында ацетилленген апиын дайындау үшін қолданылатын бір тонна заттар сақталған қойманы тапты. «Павлодарлық полицейлер есірткі заттарын дайындау үшін пайдаланылатын заттардың заңсыз айналымымен айналысқан деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады, — Тінту барысында жеке кәсіпкерден ацетилленген апий дайындау үшін пайдаланылатын салмағы бір тоннадан астам заттар табылып, тәркіленді.

Сараптама тағайындалды», — деді брифингте Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Қуат Түсіпбеков. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 301-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Павлодар қаласының тұрғынына қатысты «Келу міндеттемесі» бұлтартпау шарасы таңдалды.

Добавить комментарий