АҚШ-та Беларуське қатысты санкциялар туралы заң қабылданды

АҚШ конгрессінің өкілдер палатасы «Беларуссиядағы егемендік, адам құқықтары және демократия туралы» (Belarus Democracy, Human Rights, and Sovereignty Act) заң жобасын мақұлдағанын хабарлады. Қабылданған нормативтік актіге сәйкес заң шығарушылар ресейлік және белорустық шенеуніктерге санкция енгізуге мүмкіндік алды.

Бұл туралы құжат авторы, республикашы конгрессмен Кристофер Смиттің баспасөз хатшысы Джефф Сэгнил хабарлады.

Заң шығарушы органның төменгі палатасы бұл бастаманы 18 қарашада қабылдады, алайда ол 2021 қаржы жылына арналған бюджет жобасына енді (1 қазанда басталды). Пакетті Конгресс Сенаты жақвн арада қабылдайды деп күтілуде, содан кейін ол АҚШ президенті Дональд Трамптың қол қоюына жіберіледі.

«Бұл екіпартиялық заң жобасы демократиялық режимге көшуге тосқауыл болып отырған беларусь үкіметінің шенеуніктеріне қатысты санкцияларды жаңартады», — делінген Смит мәлімдемесінде.

Құжаттың түсіндірмесінде айтылғандай, осылайша республикада 2020 жылғы сайлауға байланысты «АҚШ президентінің санкциялар енгізу жөніндегі өкілеттіктері» кеңейтіледі. «АҚШ Президенті Беларусь Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болып табылатын немесе сайлаудағы бұрмалаушылыққа қатысқан кез келген шетелдікке немесе тәуелсіз БАҚ-ты қудалауға жауапты үкіметтік тұлғаға немесе Одақтық мемлекеттің өкіліне немесе БАҚ-ты қудалауға, Белоруссиядағы саяси қуғын-сүргінге қатысты адам құқықтарын бұзылуына айтарлықтай ықпал еткен Ресей азаматына қарсы визалық санкциялар енгізе алады», — делінген мәтінде.

Конгрессмендердің айтуынша, әңгіме республикаға «интернеттегі цензураға, бақылау технологияларына қарсы тұру», сондай-ақ «саяси босқындарды қолдауға» қатысты көмекті кеңейту туралы болып отыр. АҚШ, заң жобасына сәйкес, қазіргі президент Александр Лукашенконы «Белоруссияның заңды түрде сайланған көшбасшысы» деп танымайды. ЕҚЫҰ стандарттарына сәйкес «жаңа президенттік және парламенттік сайлауды еркін және әділ түрде өткізуге», сондай-ақ «барлық саяси тұтқындарды алдын ала шарттарсыз» босатуға шақырады.

Добавить комментарий