Монополистер қазақстандықтарға ақшасын қайтарады

Тұтынушыларға төлемді заңсыз есептеген қазақстандық монополистер алынған соманы қайтарады.

Табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтік сметаларының орындалуына жүргізілген талдау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінде негізсіз алынған кіріс 255 049 200 теңге мөлшерінде белгіленді, ол тарифтерді төмендету жолымен тұтынушыларға қайтаруға жатады.

Департамент тұтынушыларға 25 табиғи монополия субъектісіне негізсіз алынған қаражатты өтеу бойынша жұмыс жүргізуде, оның ішінде қызметтер бөлінісінде:

  • сумен жабдықтау және су бұру — 25;
  • жылумен жабдықтау — 11;
  • электр энергиясын беру және тарату — 3;
  • кірме жолдардың салалары — 1.

Бұдан бөлек, тарифтік сметаларды орындамау бөлігінде табиғи монополиялар саласындағы қолданыстағы заңнамада көзделген міндеттерді орындамағаны үшін табиғи монополиялар субъектілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Табиғи монополиялар субъектілері төлеген айыппұл сомасы 32 млн теңгеден асады.

Добавить комментарий