Қазақстан Сенаты Экологиялық кодекске өзгерістер енгізуге, оның ішінде ағаштарды заңсыз кескені үшін қарастырылған жауапкершілікке тартуға қатысты өзгерістер енгізуге дауыс берді.
Егер Заң жобасына Мемлекет басшысы қол қойса, онда ағаштарды заңсыз кескені үшін айыппұл сомасы бес есеге көбейтіледі. Сонымен қатар, егер залал 100 АЕК-тен асып кетсе, онда тәртіп бұзушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылады, осыған байланысты айыппұл салу немесе мүлікті тәркілеу және қоғамдық жұмыстарға тарту немесе қамауға алу қарастырылған.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ағаштарды заңсыз кескені үшін жауапкершілік күшейтіледі. Сенаторлар тиісті нормаларды әзірлеп, заң жобасына енгізді. Ағаштарды кескені үшін әкімшілік айыппұл көлемі бес есеге көбейтіледі. Егерде мұндай құқық бұзушылық қайталанған жағдайда немесе ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы ағаштарды кескені үшін ірі кәсіпкерлерге шамамен 1500 АЕК-дейін дейін айыппұл салынады, бұл шамамен 4 млн 375 мың теңге», — деді сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.
Сонымен қатар, Мәулен Әшімбаев заң күшіне енгеннен кейін уәкілетті орган осы және басқа да нормаларды түсіндіру бойынша жұмысты сапалы ұйымдастырып, олардың іске асырылуын қамтамасыз етуі тиіс екенін атап өтті.
«Жалпы Экологиялық кодекс пен оған ілеспе заң жобалары қоршаған ортаны қорғауға бағытталған және еліміздің экологиясын қорғау дәуіріне жаңа жол ашады», — деп толықтырды Сенат спикері.
Сенаторлар ілеспе заң жобаларын — «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарды қарады. Жалпы, сенаторлардың пікірінше, түзетулер енгізу экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейтеді.
Сенаторлар толықтырған ілеспе заң жобалары мәжіліске қайтарылды.