Атырауда 1,4 млн теңге айыппұлы бар Land Rover жүргізушісі полицейлерден жалтарып кетуге тырысты
Атырау қаласының тұрғыны өз көлігін басқа отырып жол ережесін 50 рет бұзған. Оны бұзғаны үшін жиналған айыппұлдардың жалпы сомасы бір жарым миллион теңгені құрады.
Облыс орталығындағы полиция қызметкерлері Жарбосынов пен Тайманов көшелерінің қиылысында Land Rover маркалы терезесін тұмшалаған автокөлікті байқаған. Көлік жүргізушісін инспекторлар тоқтатпақ болған кезде ол талапты елемей, жалтарып кетуге тырысты. Дегенмен полиция қызметкерлері автокөлікті тізгіндеген 33 жастағы ер адам ұстап алды. Құжаттарды тексеру барысында аталған көліктің жүргізушісінде төленбеген 51 айыппұл салынғаны анықталды, оның жалпы сомасы 1 млн 436 мың теңгені құрады. Автокөлік иесіне қатысты тағы төрт әкімшілік хаттама жасалды.
Қолда бар айыппұлдарға қосымша ер адам тәртіп сақшыларының тоқтату туралы талаптарын орындамағаны үшін, «жалған» автономерлер мен терезелерді қараңғылағаны үшін айыппұл төлеуге тура келеді. Сонымен қатар, көлік үргізу куәлігі жоқ бола тұра автокөлікті басқарып келген. Осы іс бойынша барлық материалдар сотқа жіберілді. Автокөлік айып тұрағына орналастырылды.