Алматы: Субару маркалы автокөлігін өртеп кеткен кінәлілер ұсталды

Алматылық полицейлер 13 желтоқсаннан 14 желтоқсанға қараған түні Шағабутдинов көшесіндегі тұрғын үйлердің ауласында Субару көлігін өртеп кеткен күдіктілердің жеке басын анықтап, ұстады.

Полиция қызметкерлері 1983 жылы дүниеге келген Ш. азаматты ұстады, ол жұмысы үшін оған 100 мың теңге уәде еткен өзінің танысы, 1959 жылы туған М. азаматтың тапсырысын орындағанын мойындады.

Өртке тапсырыс беруші дереу ұсталды. Автокөлік иесі екеуінің арасында жеке дұшпандық қатынастар аясында бірнеше рет жанжалды жағдайлар болған, бұл қылмысқа түрткі болды, — деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары полиция подполковнигі Рустам Әбдірахманов.

Спикердің айтуынша, күдіктілердің екеуі де ҚР ҚІЖК-нің 128 бабы тәртібінде ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда.

Добавить комментарий