Америкалық талдау орталығы Бейжіңді Қытайдың солтүстік-батыс провинциясындағы мақта алқаптарына жүздеген мың этникалық ұйғырлар, қазақтар және Шыңжаңдағы басқа да байырғы түркітілдес халық өкілдерін жұмыс істеуге мәжбүрлейді деп айыптады.
Жаһандық саясат орталығы 16 желтоқсанда жариялаған баяндамада қытайлық үкіметтік құжаттар мен бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларынан ұйғыр халқы көп тұратын үш ауданда кем дегенде 570 мың адамның мақта теруге жіберілгені анықталды деп айтылған. Жөнелту «кедейлікті күрес» мемлекеттік бағдарламасы аясында жіберілген.
Баяндамада жұмысқа мәжбүрлеп тартылғандардың жалпы саны «бірнеше жүз мыңнан» көп болуы мүмкін делінген. Сондай-ақ, Шыңжаңнан экспортталатын мақтаның басым бөлігі мәжбүрлі еңбекке салғандарды пайдалана отырып өндірілген болуы мүмкін деп атап өтілді.
Ағымдағы жылы Құрама Штаттар «Шыңжаң өндірістік-құрылыс корпусына» (ШӨҚК) қарсы санкциялар енгізіп, кәсіпорынның ұйғырлардың және өңірдегі басқа да этникалық топтардың «елеулі құқық бұзушылықтарына» қатысы бар екенін мәлімдеді. Бірақ бұл кәсіпорын Шыңжаңда өндірілетін мақтаның үштен бір бөлігін ғана дайындайды, деп мәлімдеді Жаһандық саясат орталығы «мәжбүрлі еңбек Шыңжаңда жиналатын мақтаның барлығына пайдаланылады».
Қытайда өндірілетін мақтаның 85 пайызы Шыңжаңға тиесілі, бұл провинцияның әлемдік нарықтағы үлесі шамамен 20 пайызды құрайды.
Қытай сыртқы істер министрлігі америкалық орталықтың баяндамасындағы ақпаратты жоққа шығарып, Шыңжаңдағы барлық этникалық топтар кәсібін өз еркімен таңдайтынын мәлімдеді.
«Барлық этникалық топтың өкілдеріне тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуге көмектесудің мәжбүрлеу еңбегіне еш қатысы жоқ», — деді министрлік өкілі Ван Вэньбинь.
Пекин Шыңжаңдағы саясаты үшін халықаралық қоғамдастықтың жиі сынына ұшырап келеді. БҰҰ бағалауынша, негізінен ислам дінін ұстанатын бір миллионға жуық этникалық ұйғырлар мен басқа да этностардың өкілдері осы аймақта Қытай «экстремизмге қарсы орталықтар» деп аталатын жабық мекемелерде қамауда отыр. БҰҰ мәліметі бойынша Шыңжаңда миллиондаған адам «саяси үйрену лагерлеріне» қамалған, Бейжің оларды экстремистік идея жетегінде жүргендерді қоғамға интеграциялауды көздейтін «кәсіп үйрену орталығы» деп санайды.