Ақмола облысы полиция департаментінде Ақмола облысы Тарасовка ауылдық округінің әкімі Мирасхан Мұратовтың қаза болғаны туралы ақпарат расталды. Шенеуніктің жол апатынан қайтыс болғаны хабарланды.
Департаменттің хабарлауынша, қайғылы оқиға 14 желтоқсанда Атбасардан 20 шақырым қашықтықта орналасқан Екатеринбург-Алматы тас жолында болған.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, DAF маркалы көлігінің жүргізушісі, Орал қаласының тұрғыны рөлге ие бола алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, ВАЗ-21214 маркалы көлігімен соқтығысқан. Көлік тізгінін басқарған Державинск қаласының 51 жастағы тұрғыны болған. Соңғысы алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды», — делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша ҚК-нің 345 бабы 3 бөлігі бойынша «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзып, абайсызда адам өліміне әкеп соғуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды.
DAF автокөлігінің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.