Google корпорациясының әкімшілігі қызметкерлерін ұйымның кеңселеріне қайтару мерзімін кейінге қалдыратынын мәлімдеді. Барлық қызметкерлер келесі жылдың қыркүйегіне дейін қашықтан жұмыс істеуді жалғастырады.
Бұл шаралар коронавирустың таралуына байланысты қабылданды. Бұл туралы дүйсенбі күні NBC телеарнасы компания басшысы Сундар Пичаи электрондық пошта арқылы таратқан қызметтік жазбаға сілтеме жасап хабарлады.
Ағымдағы жылдың шілде айында The Wall Street Journal газеті дереккөздерге сілтеме жасап, Google қызметкерлері коронавирус пандемиясына байланысты 2021 жылдың шілде айына дейін қашықтықтан жұмысын жалғастыра беретінін хабарлады.
Федералдық және жергілікті билік мәліметтері негізінде есептеулер жүргізіп жатқан Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше АҚШ коронавирус жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны бойынша мемлекеттер арасында көш бастап тұр, елде 16,3 миллионнан астам ауру жұқтыру және 300 мыңнан астам өлім-жітім жағдайлары тіркелді.