Қарашығанақ консорциумы Республикаға $1,3 млрд төлейді

ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі Қарашығанақ консорциумының Қазақстан Республикасына $1,3 млрд төлегені туралы хабарлады.

«Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚР Энергетика министрлігі, ҚР Қаржы министрлігі және өкілетті орган — «PSA» ЖШС, сондай-ақ Қарашығанақ жобасының акционерлері Eni, Shell, Chevron, Лукойл компаниялары дауды шешуді аяқтау жөнінде келісімге қол қойды», — деп хабарлады Энергетика министрлігі.

Келісім аясында консорциум Қазақстан Республикасына 1 миллиард 305 миллион АҚШ доллары көлемінде төлем жасайды. Тараптар өнімді бөлудің түпкілікті әдістемесін келісті, нәтижесінде Қазақстан 2037 жылға дейін мұнай бағасы барреліне 40-50 доллар болған жағдайда қосымша 600 миллион АҚШ долларына алады.

Сондай-ақ, тараптар Қарашығанақ кен орнында өндіру деңгейін одан әрі ұстап тұру мақсатында Қарашығанақ-1-ны (А) кеңейту инвестициялық жобасын іске асырудың басталуын мақұлдады.

«Қарашығанақты болашақта кеңейту жобасы ҚКЖ (1А) 1 миллиард АҚШ долларына жуық инвестиция көлемімен газды кері айдау компрессоры мен ілеспе қондырғыларды салуды көздейді. Бұл жылына 10-11 миллион деңгейінде сұйық көмірсутек өндіру көлемін ұстап тұруға мүмкіндік береді. ҚКЖ (1А) іске асыру тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуда 45% және персоналды жалдауда 75% мөлшерінде қазақстандық қамтудың ең аз үлесін қамтамасыз етуді көздейді. Кейіннен тараптар жобаның техникалық-экономикалық параметрлерін ескере отырып, ҚКЖ 1 (В) іске асырудың келесі кезеңін жүзеге асыру мүмкіндігін қарастырды», — деп түсіндірді ведомстводан.

Келіспеушіліктердің мәні өнімді және сәйкесінше ақшалай кірісті тараптар арасында әділ бөлу болды.

Республика қатаң түрде қол қойылған келісімшарт талаптарына және қолданылатын заңнамаға сәйкес әрекет еткенін атап өткен жөн. Ұзақ және күрделі келіссөздер нәтижесінде тараптар дауды бітімгершілік жолмен шешуге қол жеткізді, бұл Республиканың инвесторлармен туындайтын дауларды келісімшарттардың ережелеріне сәйкес өзара қолайлы шешуге бейілділігін көрсетті», — делінген ҚР Үкіметінің ресми өкілінің хабарламасында.

Қарашығанақ жобасы Қазақстан Республикасының Үкіметі, Шетелдік компаниялар альянсы арасында Shell (29,25%), Eni (29,25%), Chevron (18%), Лукойл (13,5%) және «ҚазМұнайГаз» ҰК (10%) арасында жасалған Өнімді бөлу туралы түпкілікті келісім шеңберінде іске асырылуда.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2015 жылы республика консорциумның кірісті қалай бөлуімен және әдістеме бойынша есептеуімен келіспейтінін білдірді. Туындаған коммерциялық келіспеушіліктер нәтижесінде Қазақстан Өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімнің талаптарына сәйкес етілгендей, халықаралық төрелік сотқа жүгінді. Төрелік процесі жүріп жатқанда Үкімет пен консорциум өзара тиімді шешім табу және келіспеушіліктерді шешу бойынша келіссөздер жүргізді.

Добавить комментарий