Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Климатқа жөніндегі Париж келісімінің қабылданғанына 5 жыл толуына орайластырылған Климаттық амбициялар жөніндегі саммитте бейне үндеу жарияланды.
Италия және Чили елдерімен бірлесе отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Ұлыбритания және Франция ұйымдастырған бұл іс-шара видео конференция форматында өтеді. Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге виртуалды саммитке 75 мемлекет пен үкімет басшылары, халықаралық ұйымдардың, бизнес-құрылымдардың жетекшілері, қоғамдық және академиялық топтардың өкілдері қатысты.
Іс-шараға қатысушы елдер Париж келісімінің үш негізгі компоненті аясында жаңа әрі аса маңызды міндеттер туралы жариялады: тұрақты қалыпқа келу мәселелерін қамтамасыз етуге бағытталған климаттың өзгеруі салдарын жеңілдету, оларға бейімделу және қаржыландыру.
Мемлекет басшысы өзінің бейне үндеуінде еліміздің климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі негізгі тәсілдерін баяндап, Париж келісімінде тұжырымдалған мақсаттар мен міндеттерді ұстанатынын растады.