ҚР ИИДМ басшысы мен «Ресей тікұшақтары» компаниясының өкілімен кездесті

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов «Ресей тікұшақтары» АҚ бас директорының бірінші орынбасары Сергей Фоминмен кездесті, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Кездесуде Алматы қаласындағы № 405 зауытта МИ-8 тікұшақтарын құрастыру жөніндегі Қазақстан-Ресей бірлескен жобасын іске асыру аспектілері талқыланды.

Азаматтық нұсқадағы алғашқы тікұшақ құрастырылып, ұшу сынақтарынан өтті және Қазақстан ТЖМ бөлімшелеріне өткізу үшін дайындалды. Бар болғаны бір ішінде Қазақстанда құрастырылған 8 машинаны пайдалануға беру жоспарлануда. Әңгімелесу барысында Сергей Фомин қазақстандық зауыттың инженерлері мен мамандарының кәсібилігі мен құзыреттілігіне атап тоқталды.

Кездесу барысында үш жыл ішінде құқықтық рәсімдеу, техникалық құжаттаманы қазақстандық тарапқа беру жүргізілгені атап өтілді. Бұл жұмыстың нәтижесі Қазақстанда құрастырылған алғашқы винтті МИ-8 машинасы болды.

Қазақстандағы өнеркәсіптік кооперация және тікұшақтарды құрастыру туралы шешім 2015 жылы ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың РФ Президенті Владимир Путинмен Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында қабылданды.

Бұл жобаны жүзеге асыру Қазақстан-Ресей өндірістік кооперациясының жақсы көрсеткіштерінің бірі болып табылады.

Добавить комментарий