ХВҚ пандемияға қарсы шараларды жоғары бағалады

Қазақстан Үкіметінде 2020 жылдың 11 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары шығарылды. Халықаралық валюта қоры пандемия кезінде ҚР-ның іс-қимылына жоғары баға бергені ерекше атап өтілді.

Бейсенбі, 10 желтоқсанда министрлер кабинетінің отырысында ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов есепті кезеңде экономиканы қолдау шаралары белсенді қабылданғанын атап өтті.

«Жұмыс орындарын сақтау және құру үшін Жұмыспен қамтудың жол картасы іске асырылуда. Зардап шеккен салалар үшін салықтық ынталандыру шаралары қабылданды. Кредит төлеу мерзімін кейінге қалдыру ұсынылды. ШОБ-ке жеңілдікпен кредит беру құралдары айтарлықтай кеңейтілді. Несиелерді жеңілдікті шарттармен қайта қаржыландыру ұсынылуда», — деп атап өтті Дәленов.

Сондай-ақ, ұлттық экономика министрі хабарлағандай, Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар аясында салалық қолдау шаралары жүзеге асырылуда.

«Қараша айында Халықаралық валюта қорының миссиясы пандемияға қарсы шараларын жоғары бағалады және тұрақты өсімді қамтамасыз ету жөніндегі бастамаларды қолдайды», — деп түйіндеді Руслан Дәленов.

Добавить комментарий