АҚШ-тың қазіргі ұлттық барлау қызметінің басшысы Джон Рэтклифф ҚХР АҚШ-тың әлемдік экономикадағы, сондай-ақ әскери саладағы және технологияларды дамытудағы үстемдігіне ең ірі қауіп болып қала беретінін мәлімдеді.
«Ресей әлемнің ірі экономикасы — Құрама Штаттармен Қытай сияқты бәсекелесе алмайды. Қытай әлемнің екінші ірі экономикасына ие, ал Ресей бірінші ондыққа кірмейді. Италия, Бразилия және Техас штатының экономикасы Ресейге қарағанда үлкен», — деді Рэтклифф жергілікті БАҚ-қа берген сұхбатында.
«Ресей қаншалықты қауіпті болса да, Қытай сияқты бізбен бәсекеге түсе алмайды», — деп толықтырды АҚШ-тың барлық 16 барлау ведомствосының қызметіне жетекшілік ететін Ұлттық барлау қызметінің директоры. Ол Қытайдың экономикада, әскери және технологияда Американың үстемдігіне ең үлкен қауіп төндіреді деген пікірін тағы да айтты. «Қытай өз мақсатына жету үшін нақты жоспар дайындады, олар ақпарат әлемде үстемдік етудің кілті екенін түсінді», — деп түсіндірді өз ойын Ратклифф.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео қыркүйек айында Fox News-ке берген сұхбатында Қытайдың АҚШ үшін Ресейден гөрі үлкен қауіп төндіретініне сенім білдірді. Сол айда әділет министрі — АҚШ бас прокуроры Уильям Барр CNN телеарнасының эфирінде Қытай АҚШ сайлауына қатысты осы елдердің ықпалына қатысты Ресейге қарағанда белсенді әрекет етуде деп мәлімдеді.