Биыл Украина қару-жарақтың ішкі өндірісін дамытуға шамамен $5 млрд жұмсауды жоспарлап отыр, деп хабарлады ресми тұлғалар. 2023 жылы өндіріс айтарлықтай ұлғайғанына қарамастан, бұл көлем ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз.
Украина Премьер-Министрі Денис Шмыгаль қару-жарақ өндірісінің көлемі былтыр үш есеге өскенін және биыл алты есеге ұлғайту жоспарланып отырғанын атап өтті. Украиналық қорғаныс компанияларының негізгі күш-жігері ұшқышсыз ұшу аппараттарын (ҰҰА), минометтік және артиллериялық снарядтарды, сондай-ақ әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін (ӘШҚ) және дәлдігі жоғары зымырандарды өндіруге бағытталған.
Цифрлық трансформация министрі Михаил Федоров Украина қазірдің өзінде қажетті ҰҰА-лардың 90% -ын, соның ішінде алыс қашықтыққа ұшатын және теңіз дрондарын өндіретінін атап өтті. Сонымен қатар, ел өз артиллериялық снарядтарын әзірлеуде, сондай-ақ НАТО стандарты бойынша снарядтардың өндірісін қолға алмақ.
Алайда, қорғаныс технологияларын дамыту бойынша айтарлықтай жетістіктерге қарамастан, Украина халықаралық қолдаудың, әсiресе, Құрама Штаттардан қару-жарақ жеткiзу жеткiлiксiз екенiн сезiнуде.