Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев алматылықтарға арнаған үндеуінде егде жастағы қала тұрғындарының өлім-жітім деңгейі жоғары екендігін айтып, қала COVID-19 жағдайына байланысты «сары» аймақта тұрғандығын еске салды.
«Алматыда коронавирусты жұқтыру саны 16 197-ге жетті. Күніне орта есеппен 42 жағдай тіркеледі, кейбір күндері 78 жағдайға дейін болады. Осы сандарға байланысты біз «жасыл» аймақтан «сары» аймаққа өттік. 323 — өлім жағдайлары тіркелді.
Өлім-жітім жағдайына байланысты бір мәселені айтқым келеді. Өткен жолы мен егде жастағы адамдарға жақсылап керектігін айттым. Біз қай жастағы адамдардың көбірек қайтыс болатынын түсіну үшін өлім-жітім жағдайларына талдау жүргіздік. Негізінен орта жастағы және 70 жастан асқан адамдар, яғни егде жастағы адамдар қайтыс болады. Олар түрлі созылмалы аурулармен ауырады, коронавирус жүрек аурулары мен диабет ауруларына шалдыққандардың жағдайын ушықтырады. Сондықтан қарттарымзды қорғайық. Егер біз оларды қорғағымыз келсе, бірінші кезекте өзімізді қорғауымыз керек», — деді Бақытжан Сағынтаев.
18 қарашада Бақытжан Сағынтаев Алматыда коронавирус жағдайы нашарлап бара жатқанын мәлімдеді. Ол қалада қарттар арасында коронавирустан қайтыс болғандар саны артып келе жатқанын хабарлады.