Ереван: Оппозиция орталық даңғылды жауып тастады

Армян полициясы елорданың орталығындағы Маштоца даңғылындағы қозғалысты толық тоқтатпақ болған наразылық білдіріріп жүрген белсенділердің ұсталғанын хабарлады.

Наразылық білдірушілер елдің премьер-министрі Никол Пашинянның отставкаға кетуін талап етті.

«Никол, сатқын, Никол, отставкаға кет!» — деген ұранмен наразылық акциясына қатысушылар көщеге шықты. Қазіргі таңда Маштоца даңғылында және оның маңындағы көшелерде жағдай шиеленісіп тұр, наразылық акциясына қатысушылар ара-тұра көліктердің қозғалысын тоқтатуға тырысады.

Армения оппозициясы Пашинянның отставкаға кетуін талап етеді. Оппозициялық саясаткерлер 9 қарашада Ресей президенті Владимир Путин мен Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевтің Таулы Қарабақтағы соғыс қимылдарын толық тоқтату туралы бірлескен мәлімдемесі шын мәнінде капитуляция деп санайды. Сондай-ақ, олар премьерді республиканың ішкі экономикалық және әлеуметтік проблемаларына жауапты деп атайды.

Пашинянның өзі Шушиден айырылғаннан кейін армян тарапы үшін күрес мәнін жоғалтқанын, өйткені осы сәттен бастап Ереван ұрыс қимылдарында жеңіске қол жеткізе алмас еді деп мәлімдеді. Армения президенті Армен Саркисян мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізуге, ал оған дейін билікті ұлттық келісім үкіметіне беруге шақырды.

Добавить комментарий