Александр Аксютиц: «Контенттің 80 пайызын қазақ тілінде жасаймыз» (2-ші б.)

Қазақстанда өзінің Netflix-ін аша ала ма және ол табыс әкеле ма? Қазақстандық жастар не қарап отыр? Неліктен шетелдік авторлардың жобалары Қазақстанда тамыр жаймай жатыр? Бұл туралы Salem Social Media компаниясының бас директоры Александр Аксютиц айтты.

Сіз «интернет-тұтыну мәдениетін дарытып, жоғары сапалы креативті бейнеконтент жасау» миссиясын айтасыз. Қызықты болу үшін, бірақ әзіл деңгейі төменге құлдырап түсіп кетпес үшін балансты қалай ұстап тұруға болады?

Біз әрқашан шығармашылық ізденулерімізді аудиторияның қажеттіліктерімен салыстырамыз. Егер біз, біздің ойымызша, керемет бір нәрсе жасасақ және бұл 3 рет көрілсе, онда біз дұрыс жасап жатқан жоқпыз. Біздің негізгі көрсеткішіміз — көру саны. Өздеріңіз білесіздер, телефонда контент түсіретін және республикалық телеарналарға қарағанда аудиториясы көп вайнерлер бар. Бұл еркін интернет ережелері.

Иә, біз 30 жастан асқан аудиторияға жұмыс істегенде біз сурет сапасына, операторлық және режиссерлік жұмыстарға көбірек қаржы саламыз, бірақ жас аудиторияға бұл қатты маңызды емес.

Бірақ жай, бұл бізсіз де таралып жатқан үгіт-насихат көзіне айналмай жасауға тырысамыз.

Сіз өз контентіңізбен елеулі консервативті қоғамдық пікірге қалай қарсы тұрасыз?

Иә, бізді баспасөз, әсіресе қазақ тілді қауым «сынға алады», біз жастарды бұзып жатырмыз деп жазады. Бірақ мен сенімдімін: егер ер адам әйелге қолын көтерсе, бұл оны кинодан көргендіктен емес, отбасында осылай тәрбиелегендіктен сондай.

Әркім өз контентін таңдайды. Қазақстан аудиториясының басым бөлігі — заманауи үрдістерді мат пен эротикалық сахналармен жеңіл қабылдайтын заманауи адамдар. Ең үздік көрсеткіш — қазақстандық YouTube сегментінің тарихындағы абсолюттік рекордшысы, біздің «Қарапайым Қайрат» сериалы. Оның әр сериясы орта есеппен 4 млн көрерменді жинайды. Бізде бар болғаны 14 млн ғаламтор қолданушылары бар екенін ескерсек, оның қаншалықты танымал екенін елестете беріңіз!

Енді біз бұдан да жанжалды Sheker сериясын шығардық, ол даде бір топ көрерменді жинап жатыр.

Сіз шетелдік авторларды шақырасыз ба?

Бізде сәтті және сәтсіз тәжірибе болды, ол кезде біз «Орел и решка» атты украиналық танымал жобаны ойлап тапқандардың бірі Василь Хомконы шақырдық. Ол бұған дейін ешқашан шетелде болмаған апаларымызды әлемнің түкпір-түкпіріне апарды. Біз үшін бұл жоба өте керемет әрі жоғары сапалы болды, бірақ ол жергілікті менталитетке сай келмеген сияқты болды, және біз мынаны түсіндік: қазақстандықтардан үшін қазақстандықтардан басқа ешкім жақсы контент жасай алмайды. Қазақстандықтардың не туралы ойлайтынын және не өмір сүріп жатқанын түсіну керек. Біздің сериалдарымызды онша тәжірибелі емес балалар жасаса да, олар аудитория жинайды.

Бірақ авторларды іздеу — күрделі іс. Сондықтан біз таланттарды іздеу үшін онлайн-формат ұйымдастыруды ұйғардық. Ол үшін біз Aitu мобильді қосымшасында «Топ-100» байқауын бастадық. Кез келген адам бейнебаян түсіріп, сол жерге жүктей алады. Ең көп лайк жинайтын 400 үздік роликтің авторларына біз аптасына 20 мыңнан 450 мың теңгеге дейін — жалпы 10 млн теңге төлейміз.

Өз материалыңызды мысал ретінде келтіре отырып, орыс және қазақ тілдеріндегі контентке деген сұранысты қалай бағалайсыз?

Цифрлар айқын көрініс көрсетеді, біз олар бойынша өз жұмысымызды жасаймыз: Контенттің 80%-ы қазақ тілінде жасалады. Орыс тілінде қалалық аудиторияға арналған аз ғана жобалар шығарамыз. Орыс тілді контентке күш жұмсаудың пайдасы жоқ — ресейлік нарық оның мүмкіндіктерімен орыс тілді аудиторияны тартады. Ресейде сериалдың бір сериясы $200 мың, ал бізде $5 мың тұрады.

Біз мұны жарнама берушілерге түсіндіруге тырысамыз, олардың көпшілігі әлі күнге дейін орыс тілді аудиторияның төлем қабілеті жоғары деген 1990-жылдардағы стереотиптермен өмір сүреді.

Ақша табу әлі мүмкін емес пе?

Біз қазірдің өзінде табыс тауып жатырмыз, бірақ көп емес — тағы да, құлдыраған жарнама нарығынан. Алғашқы екі жылда біз аудитория құру үшін жұмыс істедік, содан кейін пайдаланушыны біздің Aitube серіктестік платформасына көшіру үшін жұмыс істедік. Себебі, монетизацияны сол әкеледі.

Жалпы Salem қазір өзін қазақстандық аудиторияға бағытталған қазақстандық Netflix ретінде көрсетіп отыр. Бірақ Netflix ұзақ жылдан бері жұмыс істеп келеді, және ол әлі де пайдалы жоба емес, ол жерде ұзақ уақыт бойы өз экожүйесін қалыптастырады. Біз де солай істейміз.

Ал жалпы сізге әлемдік алыптармен бәсекелесу қаншалықты қиын? Дәл сол ресейліктермен де?

Бәлкім, Нұр-Сұлтанның сол жағалауында олармен бәсекелесу қиын шығар. Бірақ Аральскіге барып, Netflix-ты не деп сұраңыз (күледі). Қазақстанда қазақ тілді контенттің тапшылығы өте жоғары және біз көп жағдайда жаңа серияларды аз түсіріп, сирек орналастырамыз деген шағымдарды жиі аламыз. Сондықтан біз бүгін телеарналармен серіктестік қарым-қатынас орнатып жатырмыз, Бұл өз кезегінде шығарылатын бейнеөнімдердің көлемін арттыруға мүмкіндік береді.Сондай-ақ, жақында ғана Salem-ге жаңа президенті Ақан Сатаев бастаған «Қазақфильм» киностудиясынан делегация келді. Ол да Salem Social Media компаниясымен ынтымақтастық орнатуға мүдделі. Біз үшін бұл өндіріс сапасын да, көлемін де арттырудағы жаңа кезең. Бір сөзбен айтқанда, өсуге болатын мүмкіндік.

Добавить комментарий