Қазақстандық бітімгерлер Ливандағы түрмеден қашып кеткен тұтқындарды іздеуге тартылмаған. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінде мәлімдеді.
«Бұқаралық ақпарат құралдарында Ливан Республикасының Баабда елді мекенінде орналасқан түрмеден тұтқындардың қашқаны туралы хабарлама шықты.
Қазақстандық бітімгерлер қашып кеткен тұтқындарды іздеу және ұстау шараларына тартылмаған. Жеке құрам тұрақты жауынгерлік дайындықта және Ливандағы БҰҰ Уақытша күштері миссиясының мандатына сәйкес міндеттерді орындайды. Бұдан бөлек, Баабда елді мекені миссияның жауапкершілік аймағынан тыс жерде орналасқан», — деп хабарлады ведомство.
Еске салайық, 21 қарашада таңертең 69 тұтқын абақтыдан қашып кеткен. Олар жарылыс жасап, есікті сындырып, сот төрелігі сарайының аумағынан қашып кеткен. Қашқындар камералардағы күзетшілерді сыртынан жауып, тәртіп сақшыларының бірін қатты соққыға астында алған.
Ақпарат құралдарының хабарлауынша, бес қашқын жол апатынан қаза тапты. Тұтқындар ұрланған көлікпен тәртіп сақшыларынан жалтарып кетпек болып қашып бара жатқанда, Хадат ауданында ағашқа соғылған. Тағы бір қашқын жарақат алды.
Сол күні кешке тәртіп сақшылары 15 қашқынды ұстап, олардың ішінде төртеуі өздері берілгені белгілі болды.