Көкшетауда ерлі-зайыпты зейнеткерлерді өлтіру фактісі бойынша қозғалған іс материалдарын қарау аяқталды.
Сот үкімімен ол жазасын 25 жыл аса қатаң режимдегі колонияда өтейді. Процеске қатысқандар айыпталушының үкімді оқу кезінде күліп тұрғанын айтты.
Ерлі-зайыптылардың аяусыз өлтіргені туралы 1 мамырда белгілі болды. 78 жастағы батыр ана мен 84 жастағы тыл еңбеккері өз пәтерінде өлтірілді.
Өлтірілгеннен кейін зейнеткерлердің пәтерінен алтын әшекейлер салынған қобдиша мен аз ақша жоғалған. Ал ерлі-зайыптылардың өлімінен бірнеше күн бұрын олар полицияға пәтеріне белгісіз біреу кірмек болғанын айтып арызданған.
3 мамырда Көкшетауда кісі өлтірді деген күдікті ұсталды. Одан заттай дәлелдемелер тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-ның 99 бабы 2-бөлімі «Екі және одан да көп адамды өлтіру» бойынша жүргізілді.
Сотта үкімді күліп тұрып тыңдаған 25 жастағы айыпталушы марқұмдардың ұл-қыздарының ашуына тиген. Ол бұрын да сотты болған, тіпті ұрлық жасағаны үшін алты жыл түрмеде отырған.
Қанды қылмыс ісі алқа билердің қатысуымен қаралды. Сотталушы процесті ұзаққа созуға тырысып, тіпті өз мойнын кесіп, кінәлі еместігін айтқан. Марқұмдардың туыстары сотталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады. Үкім жария етілгеннен кейін оларды тыныштандыру қиын болды.
«Өмір бойы адал өмір сүріп, еңбек сіңірген ардақты адамдарды, еңбек ардагерлерін өлтірді. Олар немерелері мен шөберелерінің қызығын көріп қартайғысы келген. Міне, осындай аяусыз кісі өлтіру орын алып, осындай шешім қабылданады. Жігіт бірнеше рет сотты болған. 25 жылдан кейін ол шығады да, сол алқабилерге қайтіп келеді. Тағы осылай болады», — деп есептейді Кәкім Бейсенбаев.
Сот шешімі бойынша ер адам моральдық өтемақы ретінде 20 млн теңге төлеуі тиіс.