Кең ауқымды Ресей-Украина соғысы басталғалы өте көп ресейлік сарбаздар қаза тапты. Осылайша, режимге соғыста пайдалану үшін әрдайым адам ресурсы қажет. Ресей президентіне бұл қиын емес — РФ халқының саны көп десе болады. Осылайша, Ресей президенті 20 айдан астам уақыт бойы түрлі тәсілмен өз отандастарын империялық амбициясын қанағаттандыру үшін соғыс алаңына ел азаматтарын «жіберіп» келеді. Украина барлау қызметінің мәліметтеріне сәйкес, қазіргі уақытта Ресей Украина аумағына 400 мыңнан астам солдатты жіберген. Бұл ретте британдық барлау қызметі Ресейдің 190 мың сарбазы қаза тапты және ауыр жарақат алғанын атап өтті, ал емделіп болғаннан кейін соғыс алаңына қайта оралатындарды есептесек — адам шығыны 290 мыңға дейін өсуі мүмкін.
Енді осы адамдардың (Украина аумағында жүрген немесе қайтыс болған Ресей әскерлері) бәрін елестетіп көріңізші — бұл өте көп адам. Ең қорқыныштысы, Путин режимі өз азаматтарын басқыншылық, қанды және мағынасыз соғысқа қатысуға ынталандырып жатыр.
Ресей билігі қалай ынталандырып жатыр? Ресей халқы өздерінің армиясы елдің бостандығы үшін соғысып, оны қорғап жатыр және т.б. көрінуі мүмкін — бұл туралы Путин режимінің өкілдері де мәлімдеуде. Осыны негізге ала отырып, ресейлік сарбаз — өз азаматтық борышын өтеп жатқан патриот деген қорытынды жасауға болады. РФ сарбаздары басқыншылық емес, жоғарыда айтылғандай қорғану мақсатында соғысып жатқанын Ресей билігінің өкілдері, соның ішінде Путин өзі де бірнеше рет мәлімдеген. Бірақ шын мәнінде соғыс алаңына аттанған ресейліктер ең алдымен өз мемлекеті жүргізіп жатқан «коммерциялық соғыстың» қатысушысы, ал кейіннен тұтқынына айналды.
Ресей билігі Отанды қорғау керек деп, ресейліктерді соғысқа тарту үшін жақсы табыс көзі ретінде көрсетуде. Ресей үкіметі соғыстың алғашқы күнінен бастап Қорғаныс министрлігімен келісімшартқа жасасқан ресейліктерге жоғары жалақы, әлеуметтік кепілдіктер мен түрлі жеңілдіктер берді. Ресейліктерге пропаганда жасап жатқан түрлі жарнамалық науқандар бірінші кезекте ақшалай сыйақымен қызықтырады, қарапайым ресейлік ер адам күзетші, жаттықтырушы және т.б. емес, әскери болып жақсы пайда табуға болатыны көрсетілген. Келісімшарт бойынша әскери қызмет ету — «нағыз ер азаматқа арналған жұмыс-мыс».
РФ-да депрессивті өңірлер көп, олардың азаматтарының тұрмысы төмен. Сондықтан аталған өңірлердің тұрғындарын Путин режимі қомақты ақшалай сыйақы уәде етіп, еш қиындықсыз соғысқа тартты. Соғыста қаза тапқан жергілікті тұрғындар саны бойынша Дағыстан, Бурятия көш бастап тұр. Өз кезегінде Ресей халқының 9%-ын құрайтын Мәскеу тұрғындары келісімшарт жасасып, соғыс алаңына аттануға асығар емес.
Ең таңғаларлығы, Ресей азаматтары мұны байқамай, Украинадағы ел үкіметінің соғыс қылмыстарын қолдауда.