Ақтау: түнгі клубта төбелескен полиция бастығы жұмыстан босатылды

Әлеуметтік желілерде Ақтау қаласындағы түнгі клубта екі полиция қызметкері төбелес шығарғаны қызу талқылануда. Маңғыстау облысының полиция департаментінің ақпараты бойынша, аталған дерек ҚР ҚК 293-бабы (Бұзақылық) бойынша тергеліп жатыр.

Әлеуметтік желіде жарияланған мәліметтерге сәйкес, аталған оқиға 26 қарашадан 27 қарашаға қараған түні түнгі клубта орын алған. Ақтау қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің бастығы Е.Отаров мас күйде асхана пышағымен Ж.Есбосынов есімді азаматқа пышақ жарақатын салған.

Бұл туралы ақпарат WhatsApp арқылы таратылды, онда Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция ротасының командирі Н.Мағзамов арандатып, балағат сөздер айтқаны айтылған.

Маңғыстау облысы полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын және екі полиция қызметкері жұмыстан босатылғанын растады.

Тәртіп сақшылары асхана пышағы қолданылғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтыны көрсетілген. Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделеді деп ескерту жасады.

Тәртіп сақшыларындағы инсайдер күдіктілер Ақтау қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің бастығы және Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция ротасының командирі екенін растады. Екеуі де ешқайда кетпеу туралы қолхат жазды.

 

Добавить комментарий