Қазақстанның Ұлттық банкі түрлі технологиялық инфрақұрылым мен реттеу тәсілдерді ескеретін цифрлық валютаны енгізудің түрлі сценарийлерін пайымдау бойынша баяндама әзірленуде. Қаржы реттеуші орталық банктің цифрлық валютасын (Central bank digital currency — CBDC) кезең-кезеңмен енгізу жөніндегі жобаны іске асыруды жоспарлап отыр.
Ұлттық банктің хабарлауынша, баяндаманы жариялау 2021 жылдың екінші жартысына жоспарланған.
«Алдағы уақытта құжатты барлық мүдделі мемлекеттік органдармен, халықаралық қаржы ұйымдарымен, нарық қатысушыларымен және сарапшылармен талқылау нәтижелері бойынша пилоттық жобаны іске асыру жоспарлануда», — делінген хабарламада.
Қаржы реттеушіде 2020 жылдың басында зерттеу жүргізуден бастап пилоттық жобаларды іске асыруға дейінгі CBDC жұмысына сауалнамаға қатысқан орталық банктердің жалпы санының 80% тартылғанын айтты. Төлем жүйелерін цифрлық трансформациялауды жүргізу әлемдегі көптеген орталық банктер үшін өзекті болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкі басқа елдердің 28 орталық банкімен қатар цифрлық валюталар бойынша негізгі халықаралық зерттеу тобының жұмысына қатысады.
Ұлттық банктің мамандары цифрлық валютаны реттеу тәсілдерін халықаралық есеп айырысу банкімен және Халықаралық валюта қорымен бірлесіп зерттейді. Сондай-ақ, Қазақстанның Ұлттық банкі Қытай Халық Республикасында, Оңтүстік-Шығыс Азияның бірқатар елдерінде, Канадада, Сингапурда және Еуропалық одақта цифрлық валютаны енгізу жөніндегі пилоттық жобаларда бақылаушы болып табылады.
CBDC технологиясы ел аумағында төлемдердің тиімділігі мен қолжетімділігін одан әрі жетілдіру үшін қолма-қол және қолма-қол ақшасыз төлемдердің артықшылықтарын біріктіруі тиіс. Бұл ретте цифрлық валюта төлем инфрақұрылымын әртараптандыруға арналған. Пилоттық кезеңнің қорытындысы бойынша CBDC Қытай, Жапония, Канада және Еуропалық одақ елдерінде белсенді тестілеуден өтуде. CBDC ресми деңгейде енгізу Ресей Федерациясында қарастырылып жатыр.
Айта кетейік, цифрлық активтер қаржы нарығында біртіндеп өз орнын алып жатыр. Көрші Ресейде тамыз айында алғаш рет криптовалюта кепілдігімен банк несиесі берілді. Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанда реттеушілердің де, банктердің де нақты ережелердің болмауынан жаңа құралмен жұмыс істеуге құлшынысы жоқ.
Ресейде криптовалютамен қамтамасыз етілген алғашқы несиені Экспобанк берді. Кепіл ретінде Waves блокчейн-токендер болды. Waves платформасы — Kickstarter краудфандингтік платформасының криптовалюталық аналогы. Waves кез келген пайдаланушыға криптографиялық токен шығаруға және оның көмегімен өз жобасы үшін краудфандинг науқаны арқылы қаржыландыруды тартуға мүмкіндік береді.