Қазір заманғы соғыста жеңімпаз болмайды

Бұрын ұлы билеуші болу үшін жаңа аумақтарды басып алу немесе жаулап алу керек еді. Адамзат тарихында әртүрлі соғысты бастан кешірді, әр соғыстың жеңімазы болады. Соғыста жеңіске жету үшін төмендегі пункттер сақталуы тиіс: 1. Жау күшінің жерін, соның ішінде астанасын басып алу. 2 Жаңа үкіметке қарсы болғандардың барлығын өлтіру 3. Жаулап алынған аумақтарға салық салу. Мемлекеттің аумағы кеңейген сайын, ол соғұрлым қуатты әрі күшті және т.б. болады. Мұндай идея мыңдаған жылдар бойы жүзеге асырылып келді.

Ал қазір мұндай логика тиімсіз. Бүгінде басты және құнды ресурс мемлекеттің аумағы емес, адами капитал. Қазіргі заманда соғыста, шын мәнінде, қол жеткізетіндей мақсат жоқ. Кең ауқымды Ресей-Украина соғысы басталғалы 20 ай ішінде Путин режимі мен РФ президенті Ресей әскерлеріне бірнеше мақсат қойды.

Соғыс қимылдары басталғанда РФ әскерінің мақсаты Украинаны денацификация және демилитаризациялау болды. Бірақ ол қаншалықты мүмкін? Мәселы, демилитаризациялау дегеніміз — соғысқа дайыналудан бас тарту, қару мен жауынгерлік техниканы, әскери бекіністер мен құрылыстарды жою, мүдделі елдер арасындағы шарт негізінде осы аумақта тұрақты әскерлерді ұстауға тыйым салу; қарусыздану. Украина жағдайдың осылайша өрбуіне мүдделі болған жоқ. Украинаға өз әскері, қару-жарағы және т.б. керек. Украина қарулы күштері өз елінің кез келген бұрышында жүре алады, ал әскери бекіністер мен құрылыстарды ел аумағының кез келген бөлігінде орната алады.

Сонымен қатар, Ресей Федерациясы мақсаттарының бірі Донбасстағы орыс тілді азаматтарды қорғау. Қазір интернет желісінде Донецк және Луганск облыстарында ұрыс қимылдары салдарынан ғимараттар, тұрғын үйлер қирағаны көрінетін видео және фото материалдарды көрсе болады. Ресей әскері Украина аумағында ұрыс қимылдарын жалғастырып жатыр, соның ішінде Донбасс маңыедағы аймақтарды бомбалауда.

РФ әскері соғыс қимылдарының басында-ақ Херсон облысы мен Херсон қаласын бақылауға алып, оны Ресей билігі РФ аумағы деп жариялады. Біраз уақыт өткен соң ресейлік әскерилер Херсоннан кетуге мәжбүр болды. Қала атқылауға ұшырады. Украина тарапы қала тұрғындарының басым бөлігі орыс тілді азаматтар тұратынын және Ресей әскерлері қаладан шығу кезінде бірен-саран тұрғындар эваакуацияланғанын хабарлады.

Кремль басшылығы соғыс басталғалы 20 ай ішінде мақсаттар мен тапсырмаларын бірнеше мәрте өзгертті. Бірақ оларды қол жеткізу екіталай және ақылға сыйымсыз деп айтып отыр. Украина аумағындағы қарулы қақтығыс Ресейге қарсы толассыз санкция салынуына және ресейлік әскерилердің өліміне алып келеді.

Добавить комментарий