Бүкіл әлемге ауыр инфекцияның жайылғана үш жылдай болды. Қиындықтарға қарамастан, адамдар қалыптасқан жағдайға бейімделіп, өмір сүруді үйренді.
Ресейдегі қазіргі жағдай
14 қарашада РФ Жедел штабы коронавирусқа шалдығу өткен аптамен салыстырғанда 22,8%-ға артқанын хабарлады. 6-12 қараша аралығында ауру жұқтырудың 5473 жағдайы тіркелді, ауруханаға жатқызылған науқастар саны 8,5%-ға жетті, ал 76 ресейлік қайтыс болды.
13 қарашада Мәскеу Денсаулық сақтау департаменті қаладағы эпидемиялық жағдай туралы ақпаратты жоққа шығарып, COVID-19-ға қатысты жағдай маусымдық аурулармен сәйкес келеді деп мәлімдеді.
Әлемдік тәжірибе
5 мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемияның аяқталғанын ресми түрде жариялады. ДДСҰ басшысыТедрос Аданом Гебреисус төтенше жағдайдың статусын алып тастады, бірақ 5 мамырда Қазақстанда тәуліктік сырқаттанушылық өсімі тіркелді.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі үш жылдық күрестің қорытындысын шығарды, оған сәйкес ауру жұқтырудың 1 411 883 жағдайы тіркелді және 13 848 отандасымыз қаза тапқанын хабарлады. Дегенмен, мамыр айының соңында ДДСҰ жаңа пандемия туралы ескертіп, Қазақстан азаматтарына қорқыныш ұялатқан.
Маусым айында Қазақстанда «қорқыныш» кезеңі болды, онда COVID-19 ерекше белгілері туралы хабарланды. Денсаулық сақтау министрлігі барлық өңірлердің «жасыл» аймақта екенін айтып, аталған ақпаратты жоққа шығарды.
Шілде айында ДДСҰ елімізде ауру жұқтырудың жаңа жағдайлары тіркелмегенін, алайда тамыз айында науқастар артқаны байқалды.
Қыркүйек айының басында Қазақстанда «Пирола» штаммы тарады, ғалымдардың пікірінше, бұл ауру жұқтырып жазылып шыққандар мен вакцина алғандарға қауіпті. Бұл штамм Румынияда пайда болды.
Қыркүйек айында Лондон әуежайында диспетчерлердің жетіспеушілігіне байланысты 160-тан астам рейсті тоқтатылды, олардың бір бөлігі COVID-19 жұқтырып ауруханада жатқан.
5 қазанда коронавирустың «Эрис» нұсқасы Қазақстанға жетті.
Жағдай тыныш
Осы оқиғалар аясында Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният COVID-19 клиникалық картинасы біртіндеп өзгеріп, ауру кезеңі қысқарып, науқастар стационарлық деңгейде негізінен жеңіл формада емделіп жатқанын түсіндірді. Елдегі эпиджағдай тұрақты күйде қалып отыр.
Қазақстандағы ағымдағы жағдай
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы аптада КВИ-дің 44 жағдайы тіркелгенін хабарлайды, өткен аптамен салыстырғанда 3 жағдайға артық. Бүгінгі таңда елімізде 9 адам стационарлық деңгейде емделіп жатыр және жұқпалы төсектердің жүктемесі 1%-ды құрайды. Ведомство эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін және ауру жұқтыру көрсеткіші былтырмен салыстырғанда 35 есеге төмендегенін атап өтті. Министрлік жағдайды қадағалауда және жаңа карантиндік шектеу шараларын енгізілмейтінін, өйткені барлық өңірлер «жасыл» аймақта екенін айтып отыр.