Ресейлік әскерлер Украинадағы екі соғыс алаңында химиялық қару қолданды, деп келтіреді Deep State басылымы Евгения Соколенко дайындаған баяндаманы.
Сарапшылардың айтуынша жау күштері хлорпикринді пайдаланған болуы мүмкін, оларда оның қоры жеткілікті. Аталған қауіпті қару бірнеше рет украин әскерлеріне қарсы қолданылған.
Deep State мамандары Авдеевкада кескілескен шайқас жүріп жатқанын, бірақ жау күштері соғыс алаңының бірнеше учаскесінде шабуылдау операцияларын жүргізіп жатқанын, бұл резервтерді басқаруда елеулі қиындықтар тудыратынын атап өтті.
Бұл ретте агрессор ел өз резервтерін оңды-солды қолданып жатыр, олар әскери бөлімшелерді даярлығы аяқталмай жатып ұрыс алаңына жіберіп жатыр. Мәселен, РФ-ның 104 десанттық-шабуыл полкі 1 желтоқсанға дейін даярлықтан өтуі тиіс немесе Херсон облысында шоғырланған немесе маршта болуы керек еді.
Хлорпикрин — өткір иісті химиялық қару. Жоғары концентрацияда ол адам денсаулығы үшін улы және зиянды. Хлорпикрин қауіптіліктің II сыныбына жатады.