Таразда жол апаты: Жүкті әйелдің басына бағдаршам құлады

Тараздағы жол апаты: жолдан өтіп бара жатқан 21 жастағы жүкті әйелдің басына бағдаршам құлады.

Жоғары жылдамдықпен келе жатқан көлік бағдаршамға соқтығысқан. Зардап шеккен әйел есінен танып, миы шайқалып, ауруханаға жатқызылды.

Жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті, кейін полиция оны ұстап, оған айыппұл салды.

Дәрігерлер науқастың жағдайы орташа ауырлықта деп бағалауда.

Добавить комментарий