15 қарашаға дейін Қазақстанда емханаға тіркелу бойынша жыл сайынғы науқан өтеді. Осы мақалада медициналық көмек алу үшін бұл мүмкіндікті не үшін және қалай пайдалануға болатынын айтып береміз. Бұл туралы ақпаратты Sputnik және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ұсынды.
Емханаға тіркелу не үшін маңызды?
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС аясында медициналық көмек алу үшін емханаға тіркелу керек. Белгілі бір медициналық мекемеге тіркелген соң, денсаулығыңызға қатысты қандай да бір шағым болса емдеуді тағайындау немесе одан әрі тексерілуге жолдама алу үшін өзіңіздің учаскелік дәрігеріңізге бара аласыз.
Пациент медициналық көмек алу үшін алдымен учаскелік дәрігерге (терапевт/ жалпы тәжірибе дәрігері/ педиатр) барады. Ол қабылдауға келген адамның денсаулық жағдайын бағалап, анамнез жинап, алдын-ала диагноз қояды. Кейбір жағдайларда емдеуді тағайындап, бейінді маманға жолдама береді.
Қайда тіркелуге болады?
Азаматтар алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін клиникаларға тіркеле алады. Оған қалалық емханалар, дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік пункттер, отбасылық денсаулық орталықтары кіреді. Бұл медициналық ұйым алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен шарт жасасады.
Қалай тіркелуге болады?
Емханаға тұрақты немесе уақытша тұратын жері тіркелсе болады. Өзіңіз тұратын аумақ шегінде қалаған клиниканы таңдаңыз. Бір ғана медициналық ұйымға тіркелуге болады.