Украинаның және батыстық барлау қызметтері «Ресей армиясының жауынгерлік қабілеті төмен, себебі РФ әскерінің психикасында проблема бар» деп жүйелі түрде мәлімдеуде. Олардың пікірінше, бұл проблема бірнеше себептерге байланысты туындап отырды. «Мәселен, әскерилер жеткілікті түрде ротация жүргізе алмауда, бірнеше жауынгерлік операциядан кейін олардың физикалық және психологиялық жағдайын қалпына келтіруге тиісті түрде көңіл бөлмей отыр және т.б. Негізгі себептердің бірі — әскерилер көптеген жағдайларда оларды «зеңбірекке жем» ретінде қолданып жатқанын түсінеді. Бахмутты басып алу үшін Ресей армиясы «зеңбірекке жем» болғанын ешкім ұмыта қойған жоқ. Еске сала кетейік, Ресей әскері Бахмутты басып алғанға дейін барлық сарапшылар бұл ең алдымен Ресей президенті Владимир Путиннің әскери емес, саяси мақсаты деп бірауыздан айтқан болатын. Бахмутты басып алу Кремль үшін Ресей халқына соғыста белгілі бір жетістік барын көрсету үшін маңызды болды. Ресей тарапының адам шошырлық шығындары аталған елді мекенді әскери тұрғыдан басып алуды тиімсіз етеді», — деп сенеді сарапшылар.
Әскери сарапшылар Ресей басшылығы Авдеевка маңындағы жағдайды одан әрі шиеленістіруді жоспарлап отырғанын белсенді түрде айтып отыр, ал президент Зеленский бұл учаскеде ресейліктердің өте көп шығынға ұшырап жатқанын мәлімдеп отыр. «Ресей әскері елді мекенді басып алу немесе қоршауға алу үшін шабуылдарын жандандырды. Украиналық тарап атап өткендей, қазіргі таңда басқыншы әскердің барлық шабуылдарына тойтарыс беріліп жатыр. Бұл ретте Украина Қарулы Күштері оккупанттардың техникасын мен басқыншыларды жермен-жексен етіп қырып жатыр. Әрине, Авдеевка маңындағы Ресей әскерінің шығындары Бахмутты басып алу кезіндегі шығындарына жетпейді. Бірақ қазіргі таңда РФ әскері бұл бағытта шабуылдау әрекеттерін азайтқан жоқ, демек шығын әлі де артады деген сөз. Бахмутпен салыстыратын болсақ, УҚК қазір қорғану үшін тиімді позицияда тұр. Сарапшылардың айтуынша, Авдеевка мықтап бекінген және қорғалған тірек пункті, бұл РФ әскеріне елді мекенге жақындау немесе толық басып алу мүмкіндігін қиындатады. Сондықтан Ресей қолбасшылығы тағы да жаяу әскермен толассыз шабуыл жасайтыны сөзсіз», — деп жазады саясаттанушылар.
Сарапшылардың пікірінше, Ресей әскері Авдеев бағытында қандай да бір жетістікке жету үшін шабуылдау әрекеттерін жандандырады.
«Кремльге ресейліктерге кезекті «ірі жеңісті» көрсету керек. Қазіргі таңда Украина армиясы бес айдан бері ауқымды шабуылдау операциясын жүргізіп жатыр. Украина президенті Владимир Зеленскийдің мәлімдемесіне сәйкес УҚК шабуылды тоқтатуды жоспарлап отырған жоқ, керісінше қысқы кезеңде де оккупантарға шабуыл жасауды жалғастырады. Осылайша, жоғарыда айтылғандай, Кремльге РФ армиясының жетістігін көрсету үшін қандай да бір «маңызды жеңіс» керек. Ал басқа сарапшылар Авдеевка бағытындағы оккупанттар Украина армиясын Работино ауданынан ығыстырмақ деп отыр, себебі, біріншіден УҚК ол жерде белгілі бір жетістікке қол жеткізген, ал екіншіден, мұнда бұдан да жоғары жетістікке қол жеткізу мүмкіндігі бар», — дейді саясаттанушылар.
Әртүрлі пікір айтылып жатқанына қарамастан, батыстық саясаттанушылар «Ресейдің әскери-саяси басшылығы жеке құрам шығыны бас ауыртатын мәслеле емес екенін тағы бір мәрте көрсетіп, олар үшін алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу басымдық» деген пікірді қолдайды. Әскери сарапшылар, өз кезегінде, РФ-ның Авдеевка түбіндегі әрекеттері «неғұрлым жедел және стратегиялық жеңістерге алып келуі мүмкін емес» деп мәлімдеді.