2021 жылғы санақ: Қазақстан халықтың ұлттық құрамы жөніндегі тақырыптық жинақ жарияланды

Қазақстанның Ұлттық статистика бюросы 2021 жылғы Халық санағы деректерін ұсынды. Бүгін сайтта Қазақстан Республикасы халқының ұлттық құрамы, діни сенімі мен тілдерді меңгеруі бойынша екінші тақырыптық жинақ жарияланды.

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша қазақтар саны 13,4 млн адамды құрады, 2009 жылдан бергі өсім – 33,7% (10 млн – 2009 ж.), жалпы халық санындағы қазақтардың үлесі 63,1%-дан 70,4%-ға дейін өсті.

Сондай-ақ, саны көп ұлттар қатарына орыстар – 2,9 млн адам, өзбектер – 614 мың адам, украиндар – 387 мың адам және ұйғырлар – 290 мың адам кірді.

Санақ қорытындысы бойынша еліміздегі этностар саны 124-ті құрады. Олардың арасында ливтер, вепсілер, орочтар, долгандар, даниялықтар, удэгейлер, цахурлар, мансылар, нанайлар, моңғолдар, селькуптер, чукчалар, ульта, нивхтер, ижорлар, кеттер, коряктар, қырымшақтар, нганасандар, саамдар, чувандар бар.

2021 жылғы халық санағы бойынша 5 жастан асқан халықтың 44,9% екі тілді, 28,6% – үш тілді меңгерген. Санақ қорытындысы бойынша тағы 1,7% 4 тілде сөйлейді, 5 тілді халықтың 0,2% біледі. 6 тілді білетін полиглоттардың үлесі 0,1% немесе 8 845 адамды құрады.

Қызықты дерек, ерлерге қарағанда 4-5 тілді меңгерген әйелдердің үлесі басым, сәйкесінше 47,9% және 52,1%. Бірақ 6 және одан да көп тілді білетін ерлер үлесі, керісінше, әйелдердің үлесінен асып түседі – 55,6%.

Өңірлік бөліністе 5 және одан да көп тілді білетін полиглоттар Алматы қаласында. Бұл ретте 35,1% немесе 6 042,1 мың адам ағылшын тілін біледі, оның 27,6% – еркін сөйлейді. Жас сегментінде ағылшын тілін білетіндердің үлесі 10-14 жас және 25-29 жас аралығында көп

Добавить комментарий