Алматыда африкалықтар ұсталды: Полиция еліміздің аумағында заңсыз болған Нигерия азаматтарын анықтады

31 қазанда Алматы қаласының полициясы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қалалық департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп операция жасады, нәтижесінде Алматының Алмалы ауданында орналасқан хостелдердің бірінде Нигерия азаматын анықталды. Хостельде 14 нигериялықтар тұрған, олардың барлығы Алматыда заңсыз тұрып келген, өйткені олардың Қазақстанда болу мерзімі аяқталды.

Алматы қаласы Полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов хабарлағандай, қабылданған шаралардың нәтижесінде ҚР-нан шығудан жалтарғаны үшін 12 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылса, тағы 2 шетелдік ПД-ның қабылдап таратуына орналастырылды

Қазіргі уақытта қабылдаушы жеке және заңды адамдарды анықтау бойынша тиісті шаралар жүргізілуде

 

Добавить комментарий