Илон Маск жаңа цифрлық заңға байланысты Еуропада X әлеуметтік желісін бұғаттау мәселесін қарастыруда

Илон Маск жаңа цифрлық заңға байланысты Еуропада X әлеуметтік желісін бұғаттауды қарастырып жатыр.

Америкалық бизнесмен және X әлеуметтік желісінің иесі (бұрынғы атауы — Twitter) Илон Маск Еуропалық одақ аумағында өз әлеуметтік платформасын бұғаттау мәселесін қаарстырып жатыр. Бұған Масктың көңілінен шықпаған цифрлық қызметтер туралы жаңа заңдардың қабылдануы себеп болды. Бұл туралы Business Insider ақпараттық порталы өз дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады.

Дереккөздің айтуынша, Илон Маск Еуропалық одақта енгізілген цифрлық қызметтер туралы заңға шүйлігіп отыр. Ол аталған аймақта әлеуметтік желіні бұғаттауды немесе еуропалық пайдаланушыларға платформаны қолдануға тыйым салу мүмкіндігін талқылап жатыр.

Сондай-ақ, Маск 2023 жылы ішкі нарық мәселелері жөніндегі еурокомиссар Тьерри Бретонмен кем дегенде екі кездескені белгілі болды. Бұл кездесулердің мақсаты жаңа заңға сәйкес болу үшін X әлеуметтік желісі сақтауы тиіс шарттарды талқылау болды. Масктың күш-жігеріне қарамастан, келіссөздер қиын өтті және дереккөз Масктың сабыры шегіне жеткенін айтып отыр.

Бұған дейін, 9 қазандағы хатында, Тьерри Бретон Илон Маскті X әлеуметтік желісі арқылы Израильдегі қақтығыс туралы жалған ақпарат таратты деп айыптады. Осы айыптауларға жауап ретінде Маск Бретоннан алға тартып отырған бұзушылықтардың толық тізімін көрсетуді сұрады.

Добавить комментарий