Өткен тәулікте коронавирустық инфекция диагнозын қойған деректер науқастардың санын артқанын көрсетіп отыр.
Өткен тәулікте елімізде коронавирустық инфекциямен сырқаттанудың 791 жаңа жағдайы тіркелді, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Бір күн бұрын «коронавирустық инфекция» диагнозы расталған 762 науқас туралы хабарланған болатын.
Алматыда жаңа жағдайлардың саны артты — 91. COVID-19 дертін ең көп жұқтырған науқастар бұрынғысынша Шығыс Қазақстан облысында анықталды — 242.
Қазақстанда 9 мың жүкті әйел коронавируспен ауырып шықты
Маңғыстау және Қызылорда облыстарында коронавирусты жұқтырудың бірде-бір жаңа жағдайы анықталған жоқ.
Нұр-Сұлтанда бір тәулікте 53 адам COVID-19 жұқтырды, Шымкентте — 5.
Елімізде барлығы 123 888 жағдай расталды, 111 483 пациент сауығып, 1 945 адам қайтыс болды.