Ресейде кезекті президент сайлауына аз уақыт қалды. РФ-да 2024 жылдың наурыз айында президент сайлауы өтеді. Батыстық сарапшылар егер Владимир Путин ел президенті болып қайта сайланса, ал Украинадағы соғыс сайлауға дейін аяқталмаса, ресейліктерді қандай зардаптар күтіп тұрғанын айтты.
Олардың пікірінше, сайлауда Владимир Путин жеңетін болса, жақсылыққа алып келмейді. Атап айтқанда, олар былай деп жазып отыр: «Біріншіден, адамдарды жаппай жұмылдырып, оларды соғысқа жіберуге арналған заңнамалық база дереу жүзеге асырыла бастайды. Қазірдің өзінде ол қолданылуда, бірақ 100%-ға емес. Ресейде көктем айында әскери комиссариатқа шақыру қағаздары электронды нұсқада келетіні жарияланған еді. Әскерге шақыру қағаздары «Мемлекеттік қызметтер» арқылы жіберіледі. Ресейдің кейбір қалаларында мұндай тәжірибе (электронды шақыру қағаздарына қатысты) көктемгі әскерге шақыру науқаны тестілік режимде өтті. Мемлекеттік Думаның қорғаныс комитетінің басшысы Андрей Картаполов мәлімдегендей, алдағы күзгі әскери шақыру науқанында әскери комиссариатқа келу үшін қағаз түріндегі әскерге шақыру қағазы негізгі құжат болып қалады (электрондық әскерге шақыру бойынша келмегені үшін айыппұл салынбайды). Айта кетейік, 2023 жылдың 1 қазанынан бастап әскери комиссариатқа келмегені үшін айыппұл 10 есеге артып, 30 000 рубль болды.
Көріп отырғанымыздай, әзірге мемлекеттік аппарат мұқият әрі асықпай әрекет етуде. Бірақ сайлаудан кейін заңнама толық күшіне енеді және шектеусіз жүзеге асырылады деп айта берсек болады. Егер Путин президент креслосында қала берсе, онда оны халықтың пікірі алаңдатпайды, бірақ оған соғыс алаңында адами қажет. Сайлауға дейін, Украинаның ауқымды шабуылдау операциясы аяқталған кезде адами ресуртар қажеттілік туындауы мүмкін. Сондықтан ресейлік ер азаматтар қазір толық қауіпсіздікте деп айтуға әлі ерте. Дегенмен, Путин президент креслосында қалу үшін қазір өзіне кесірі тиюі мүмкін шешім қабылдамасы анық.
Екіншіден, Путиннің президент болып сайлануы қазіргі элита өкілдері үшін де тиімсіз. Көріп отырғанымыздай, Путин режимі элитаішілік репрессияны тоқтатты. Сонымен қатар, Мемлекеттік Дума депутаттар мен сенаторларға кірістер мен мүлік туралы декларацияны жарияламауға рұқсат берді, сонымен қатар Қаржы министрлігі санкцияларға ұшыраған немесе ілінуі мүмкін 10 мыңнан астам заңды тұлған, директорлар мен активтер туралы мәліметтерді құпияландыруға рұқсат берді. Осындай және осыған жаңалықтар елдегі сыбайлас жемқорлықтың өсуіне ықпал етеді. Осылайша, Путин қазіргі элитаға толық еркіндік беріпотыр.
Бірақ мұндай гуманизмді Путин кез келген уақытта тоқтататынын ескеру керек. Сайлау аяқталғаннан кейін Путин бұрынғы элита өкілдерінің көңіліне шығуға тырыспайды. Қазір кең ауқымды соғыс қимылдары басталғалы Ресей президентінің беделі шайқала бастады, оны қалпына келтіру керек. Оны қалпына келтіру сайлаудан кейін басталады».
Батыстық сарапшылар «елдегі билік өзгермесе, ресейлік қоғамның барлық топтары үшін жақсы перспектива күтіп тұрған жоқ» деп мәлімдеді.