Ұлыбритания билігі Ресейге қатысты санкциялар тізімін кеңейтіп, оған Ресей Федерациясының Орталық сайлау комиссиясы мен Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Александр Куренковты қосты. Бұл туралы Ұлыбританияның Қаржы министрлігі жариялады.
Құжатқа сәйкес, ОСК және ТЖМ басшысынан басқа бірқатар ресейлік шенеуніктер, оның ішінде ОСК хатшысы Наталья Бударина, Херсон облысы үкіметінің төрағасы Андрей Алексеенко, Донецк Халық Республикасының вице-премьері Владимир Ежиков, Запорожье облысы губернаторының орынбасары Виктор Емельяненко, сондай-ақ Қырымның Әділет министрі Олег Шаповалов және басқалары санкцияға ілікті.
Ұлыбританияның бұл қадамы түрлі геосаяси қақтығыстарға байланысты ресейлік шенеуніктерге қарсы халықаралық қысымның бір бөлігі болып табылады. Еске сала кетейік, АҚШ 2022 жылғы желтоқсанда ОСК мен оның төрағасы Элла Памфиловаға қарсы санкция салған болатын.