Израиль әскері Сирияның әскери күштері мен «Әл-Құдс» арнайы мақсаттағы ирандық күштеріне соққы берді.
Израиль армиясы Twitter-де хабарлағандай, олар ирандық «Әл-Құдс» әсери күштері мен Сирияның қарулы күштеріне соққы берген.
Олардың мәлімдемесінде бұл сириялықтардың екі мемлекетті бөліп тұрған «Альфа» желісіне қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды орнатуына жауап болғаны айтылған.
Израиль қорғаныс әскерінің баспасөз хатшысы Йонатан Конрикустың хабарлауынша, олар осыған дейін жарылғыш заттарды тауып, залалсыздандырғаннан кейін олардың әскерилері Сирия аумағындағы Иран және Сирия күштеріне тиесілі сегіз нысанаға соққы берген.
«Біз шамамен сегіз нысанаға соққы бердік. Бір нысан әскери база болып табылады. Екіншісі — Сирияға келгенде ирандық жоғары лауазымды делегацияларды қабылдау үшін пайдаланылатын құпия әскери нысан. Үшінші нысана- сириялық Голан биіктіктеріне жауапты сириялық қарулы күштердің жетінші дивизиясы», — дейді ол.
Баспасөз хатшысының айтуынша, оның қолында Ресей шабуыл туралы хабарлама алған-алмағаны туралы ақпарат жоқ, бірақ Израиль «Ресей әскерлеріне әрқашан ақпарат беріледі, Сириядағы ресейлік әскери қызметшілердің қауіпсіздігі Израиль қорғаныс әскері үшін үлкен маңызға ие».
Мамыр айында Израиль Сирияға зымыран шабуылын жасады. Шабуыл салдарынан құрбандар болған жоқ. Сирия президенті сириялық жауынгерлердің Таулы Қарабақтағы соғыс қимылдарына қатысқанын растады.