Манчестер Юнайтед зорлық көрсетті деп айыпталған Антониді жаттығудан шеттетті

Англияның «Манчестер Юнайтед» футбол клубы вингер Антониді үш әйел, оның ішіде бұрынғы сүйіктісі зорлық көрсетті деп айыптауына байланысты жаттығудан уақытша шеттетті.

Бұл айыптаулар футбол әлемінде айтарлықтай жанжал туғызып, клуб футболшыны уақытша шеттетуге мәжбүр болды. Антони айыптарды үзілді-кесілді жоққа шығарып, кінәсіз екенін алға тартуда.

Клубтың ресми мәлімдемесінде: «Біз Антониге тағылған айыптардың ауырлығына қатысты алаңдаулымыз. Оның кінәлі емес екенін айтып отырғанына қарамастан, клуб төңірегінде дау-дамай тудырмас үшін оны жаттығудан уақытша шеттетік, бұл барлық тараптар үшін ең жақсы шешім болады деп есептейміз».

Бұл ауыптауға байланысты Бразилия құрамасының тізімінен шығарылды. Антони 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу ойындары алдында құрамынан шығарылған болатын.

Зорлық жасады деген айып бойынша сот талқылаулары жалғасуда, бұл мәселе бойынша шешім заңға және тергеу қорытындыларына сәйкес қабылданатын болады.

Добавить комментарий