Қазақстанда азаматтарды цифрландыру жалғасуда

Қазақстандықтарды цифрландыру жалғасуда. Елімізде биометрикалық деректерді пайдалана отырып, мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті жеңілдетуге арналған жаңа қосымша іске қосылуға дайын.

Үкімет отырысында ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ведомствода азаматтардың ЭЦҚ онлайн-алуға қатысты барлық өтініштерін есепке алғанын, сондықтан биометрия көмегімен мобильді азаматтар базасында тіркеуді іске қосатынын айтты.

«Халықтың барлық өтініштерін қарадық. Қарапайым азамат үшін Egov-қа көшудің басты қиындығы — ЭЦҚ баптауы, мобильді азаматтар базасында тіркелуі», — деп түсіндірді Мусин.

Сонымен қатар, ол бұл мәселені шешу үшін порталда биометрия көмегімен тіркеу іске асырылғанын атап өтті.

«Енді Egov қолданушысы болу үшін телефонды өз бетіңізге жақындатуыңыз керек. Қазір пилоттық сынақтан өтудеміз, осы айдың соңына дейін іске қосуды жоспарлап отырмыз», — деп түйіндеді министр.

Добавить комментарий